Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны өзгере ме?

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны өзгере ме?

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2,5 миллион бірліктен асады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деп кімдерді атайды? Бұл жеке кәсіпкер немесе жеке тұлға ретінде тіркелмей шағын кәсіпкерлікпен жұмыс істеп жатқан адамдар.

ҚР Ұлттық экономика мәліметтеріне сәйкес 2018 жылдың қаңтар айында ресми жұмыс істейтіндер саны 8,5 млн адам, оның ішінде 6,4 млн адам – жалданбалы жұмысшылар, бұл жұмыс істейтіндердің жалпы көлемінің 75,8%-ын құрайды. Қалған 6,7 млн адамның 3,9 млн адам зейнеткерлер мен балаларды құраса, қалған 2,8 млн адам – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Алайда өзін-өзі қамтушылар саны ресми статитикадан да көп болуы мүмкін.

Олай деуге себеп «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың нақты санын анықтау мақсатында скрининг өткізіпті. Нәижесінде ресми сатистика мен скрининг қорытындысы арасында 5 есе айырмашылық байқалған. 89% жұмыссыз жасырын табыс табады, 2 156 кәсіпкер ресми тіркелмеген.

Осы топтағы адамдарды экономикаға тарту, көлеңкелі бизнесті азайту өзекті мәселе. Өйткені, 2,8 млн адам өте ауқымды. Бұл көрсеткіш ЕАЭО-ға мүше мемлекет Арменияның халық санына тең (2,9 млн).

«CSI» зерттеу орталығы да мұны мақұлдайды. Орталықтың зерттеуі бойынша, шағын және орта бизнес сегментінде қолданылып отырған өзара іс-қимыл және қолдау жүйесі мемлекет мақсатына сай келмейді. Дүкен, сұлулық салоны, үй жанындағы тамақтану орындары мақсатты зерттеу нысандарына айналды. ЖШС мамандары шағын және орта бизнестің бірыңғай базасын құру, мемлекеттік деңгейде шағын бизнесті дамыту, шағын бизнес үшін даму индикаторын орнату, даму бағдарламасын жасауды ұсынады.

Шағын және орта кәсіпкерліктен салық түсімдерді көбейту мақсатында бизнес процестерді автоматтандыру – көлеңкені азайтудағы бір бағыт. Мәселен,  POS-терминал, ERP жүйесі мен онлайн ККМ болғанда кәсіпкер арнайы салық режимі бойынша бухгалтерлік есеп жүргізуден басатылады. Есепті қарапайым кіріс, шығыс және ҚҚС есебі алмастырылады.

Бұл салада биылғы Президент сынап, министр ауысқаннан кейін сәл болса да алға жылжу бар.

2018 жылдың бірінші жартысында ең жоғары өсу қарқынмен Қазақстанда бөлшек сауда, көлік және өнеркәсіп салалары өскен. Бұл бағытта тіркелген жеке кәсіпкерлер саны басым. Оң тенденциялар 2018 жылдың үшінші тоқсанында жалғасын тапты. 2018 жылдың қаңтар-шілде аралығында бөлшек сауданың көлемі 5298,2 млрд теңгені құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға жоғары көрсеткіш.

2018 жылғы қаңтар-шілде айларында республиканың бөлшек саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес Алматы қаласына (30,5%) және Астана қаласына (12,3%) тиесілі, сонымен қатар Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары (8,8%-дан) да өсу көрсетті. Көтерме және бөлшек саудада 452,5 мың жеке кәсіпкер және 128,3 мың заңды тұлға тіркелген. Алайда  тіркелмеген саудагерлер саны әлі де көп күйінде қалып отыр.

Похожие материалы