Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әзірбайжан Карабах шиеленісін реттегеннен кейін ЕАЭО-ға мүше болып кірмек

Әзірбайжан Карабах шиеленісін реттегеннен кейін ЕАЭО-ға мүше болып кірмек

Әзірбайжан сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров келешекте републиканың Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше болып кіру мүмкіндігін жоққа шығармайды, бірақ ол алдымен Карабах шиеленісі шешілу керектігін айтты.

"Армения тарапынан басып алған аумақтардың болуы біздің Армениямен бір одақта болуымызға мүмкіндік бермейді. Егер Армения өз әскерлерін алып кетсе, шекара ашылса, егер жағдай қалыпқа келтірілсе, Армения мен Әзірбайжан арасында экономикалық қатынас жаңғырса, ертең не болатынын кім білген. "Never say never" деп айтпаушы ма еді, яғни "ешқашан ешқашан деме", - деп мәлімдеді Э.Мамедъяров "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында. "Әзірбайжан өзінің сыртқы саяси доктринасын елдің ұлттық мүддесі тұрғысынан қарастырады. Тәуелсіздікті, егемендікті нығайтуға көмектесетін және елдің экономикалық, саяси және гуманитарлық дамуына жәрдемдесетін, яғни елдің ұлттық мүддесін қамтып көрсететін барлық іс-әрекеттер - сыртқы саясат аясында да тиісті қадамдар жасалуда", - деді ол.

Похожие материалы