«Самұрық-Қазына» шахмат федерациясын қаржыландырмайтын болды

435
«Самұрық-Қазына» шахмат федерациясын қаржыландырмайтын

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қазақстандық федерациясына қайырымдылқ және демеушілік көмек көрсетпейтін болды деп

хабарлайды федерация мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып ҚазТАГ.

«21 қаңтарда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры елдегі және әлемдегі экономикалық жағдайларға байланысты қайырымдылық және демеушілік қызметтерін тоқтататынын мәлімдеді. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, сондай-ақ қосымша қаржының болмауына байланысты қазақстандық шахмат федерациясы 1 ақпаннан бастап ҚР чемпионаттар мен бәйгелерді өткізу және ОЖЖ (оқу-жаттығу жұмыстары), спортшыларды халықаралық жарыстарға жіберу, стипендия және жалақы төлеуге қатысты өз жұмысын уақытша тоқтатады», — делінген сәрсенбі күні федерация сайтында жарияланған хабарламада.