«Самұрық-Энерго» директорлар кеңесінің төрағасы тағайындалды

156
азаматтық
Фото: tass.ru

Алматы. 25 маусым. 7kun.kz — «Самұрық-Энерго» директорлар кеңесінің төрағасы болып экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма мүшесі Бейбіт Қарымсақов сайланды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да Қор Басқармасының күндізгі отырысы өтті. Отырыс барысында «Самұрық-Энерго»АҚ Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, «Самұрық-Энерго» директорлар кеңесінің мүшесі болып «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ өкілі Жамиев Алмат сайланды, сондай — ақ «Самұрық-Энерго» директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Луки Сутераның өкілеттігі 1 жылға ұзартылды. Қор Басқармасының шешімімен «Самұрық-Энерго» директорлар кеңесінің мүшелері Нұрлан Рахметов пен Анатолий Спицынның өкілеттігі тоқтатылды», — делінген хабарламада.

Бейбіт Қарымсақов 1985 -1987 жылдар аралығында Жамбыл автобасқармасының инженері болып жұмыс істеді.

1987 жылдан 1990 жылға дейін — «Трудовик» колхозының заңгері.

1990 жылдан 1993 жылға дейін — «Тянь-Шань» кооперативінің бухгалтері.

1993 жылдан 1996 жылға дейін — Қордай аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі .

1996 жылдың маусымынан 1999 жылға дейін — Алматы қаласы бойынша салық инспекциясының аға инспекторы, Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитетінің салық аудитінің бастығы.

1999 жылдан 2000 жылға дейін — Алматы қаласы Әуезов ауданының аудит бөлімінің бастығы.

2000 жылдан 2002 жылға дейін — Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің бастығы.

2002 жылдан 2003 жылға дейін — Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының бастығы.

2003 жылдың қазан айынан 2008 жылға дейін — Алматы қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары.

2008 жылдан 2009 жылға дейін — Алматы облысы бойынша Салық департаментінің бастығы.

2009 жылдың желтоқсанынан бастап — Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің бастығы.

2015 жылғы тамыздан бастап 2018 жылғы қыркүйекке дейін -«Астана ЭКСПО-2017 «Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарушы директоры.

2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы ақпанға дейін — «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, жалғыз акционердің өкілі.

2019 жылғы ақпаннан бастап 2019 жылғы 25 маусымға дейін — «Самұрық-Энерго»АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры, Директорлар кеңесінің төрағасы.