Сбербанк би студиясын ашуға жәрдемдесті

би
Фото: apede.org

Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың басында Сбербанк және «Даму» КДҚ» АҚ көрсеткен қаржылай қолдау арқасында Атырау қаласында «Успех» атты жаңа би студиясы ашылды, — деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Оның жетекшсі Бибігүл Жұбанова бала кезінен бері бимен айналысып, есейген кезінде өзінің би студиясын ашып, өз әуестігін кішігірім бизнес-жобаға айналдыруды шешті. Ол Атырау облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында Бизнес-жоспарды жасауда кеңес пен көмек алғаннан Сбербанкке жүгінеді, мұнда оның  би студиясының жобасы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 19 миллион теңге сомасына мақұлданды.

«Отандық бизнесті дамыту аясында жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қаржыландыру өзекті болып табылады. Сондықтан бүгінгі таңда Сбербанк әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту беретін экономикалық және әлеуметтік пайданы түсіне отырып, мұндай жобаларға белсенді қолдау көрсетеді», — деп айтты «Сбербанк» АҚ ЕБ Атырау қаласы Филиалының Директоры Айгүл Ерғалиева.