Сбербанк Төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

63
орынбасары

Алматы. 3 қыркүйек. 7kun.kz – Георгий Аракелян «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымын атқаруға кірісті.

«Георгий Гургенович білікті идара қызметкер, банк және қаржы саласында жұмыс тәжірибесі мол. Осы тағайындау Сбербанктің Қазақстандағы жайғасымының әрі қарай нығаюына қызмет ететініне сенімдімін», — деп тағайындауға Банк Басқармасының Төрағасы Александр Камалов түсінік берді.

Георгий Аракелянның банк секторындағы жұмыс өтілі он жылдан астам, оның ішінде басшылық жайғасымдарда төрт жылдан астам. Ресейдің Оңтүстік сауда банкі, ДжиИ Мани Банк және «БИНБАНК» ААҚ сияқты банктерінде жұмыс істеген. Сонғы уақытқа дейін «Скоринг Студия» ЖШҚ басқарған.

Ол «РХШИ» Ростов Мемлекеттік экономикалық университетін тамамдаған. «Дағдарысқа қарсы басқару» және «Қаржы мен несие» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Георгий Гургенович «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының Орынбасары лауазымында тәуекелдер блогының бөлімшелеріне жетекшілік ететін болады.