Семейдің барлық әуе рейстері тоқтатылды

әуе
Фото: olz.kz

Семей. 12 тамыз. 7kun.kz — Семей әуежайының ұшу-қону жолағын су шайып кетуіне байланысты Семейде барлық әуе рейстері тоқтатылды. Бұл туралы Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Семей әуежайында бетонжы ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Уақытша жолды жаңбыр шайып кетті. Сол себепті бүгін барлық әуе рейстері тоқтатылды.

«Мұндай жағдайлар жауын-шашын грунтты әуе жолақтарын шайып кеткен кезде болып тұрады. Бұл — қарапайым жағдай. Жол кепкен соң, жұмыс жалғасады», — деп атап өтті әуежайдағылар.