Сенат «кибербулинг туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды

2020
Фото: 24.kz

14 сәуірде Сенат отырысында депутаттар қоғамда кең талқыланған «кибербуллинг туралы» жобасын қарады. Құжат мақұлданбай мәжіліске кері қайтарылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев балалардың мүддесін қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атады. Сондықтан бұл саладағы қазіргі тәсілдер мен құқықтық тетіктер үнемі жаңартып отыруды және туындайтын проблемаларға дер кезінде назар аударуды талап етеді.

Cенаторлар заң жобасында ұсынылған нормаларды мұқият зерттеп, түскен өтініштерді ескере отырып, оның кей тұстарын қайта қарауды ұсынды.

«Сенаторлардың балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша мәлімдемелерге енгізген түзетулеріне сәйкес осы мақсатта арнайы құрылған сараптамалық топтар қаралады. Сонымен қатар сенаторлар заң жобасынан кең өкілеттіктерді алып тастады. Бұл уәкілетті органға өз қалауы бойынша интернет-ресурстарға, әлеуметтік желілерге және мессенджерлерге қол жеткізуді шектеуге немесе олардың жұмысын тоқтатуға мүмкіндік берді,» — деді Мәулен Әшімбаев.

Палатаның жалпы отырысы барысында негізгі жаңалықтарды сенатор Ләззат Сүлеймен таныстырды. Оның айтуынша, бұл заң жобасы арқылы балалар құқығын қорғау мәселесін күшейтуді көздейтін екі Кодекс пен 10 заңға өзгеріс енгізілмек.