Шұжық және ет өнімдерін өндіру екі есеге артты

артты
Фото: foodsweeteners.com

Алматы. 31 шілде. 7kun.kz – Астанада азық-түліктің кейбір түрлерін өндірудің көлемі артты, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Статистика департаментінің мәліметінше, Астанада өңдейтін өнеркәсіптен шығатын азық-түлік 7,5% алады.

2018 жылдың қаңтар-маусымында 17,4 млрд теңге көлемінде азық-түлік өндірілген, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 109,8% құрады.

Сонымен осы жылдың алғашқы айларында 1130 тонна ет өнімдері мен шұжық өндірілген, бұл 2017 жылмен салыстырғанда екі есеге көп.

Бұдан басқа, есеп беру кезеңінде 72 мың тоннадан көп ұн, 8143 тонна нан, 12 552 тонна макарон өндірілген.