Шағын әуе компаниялар банкротқа ұшырады, бұған қандай факторлар әсер етті

217
Фото: gyronews.com

Алматы. 13 қараша. 7kun.kz — Әлем бойынша 20-дан астам әуе тасымалдаушы компаниялар 2018 жылдың басынан бері банкротқа ұшырады.  Бұл көрсеткіш он жыл ішінде ең жоғары көрсеткішке жетті. Басқа да шағын компанияларға жанармай отыны шығындарының өсуі  қауіп төндіріп тұр,  деп жазады The Wall Street Journal.

Соңғы аптада мұнай бағасының күрт төмендеуіне қарамастан, топ-менеджерлер жаңа қиындықтар болады деп күтуде. Өйткені авиатасымалдарға сұраныс төмендейтін қыс кезеңі жақындап келеді.

«Бұл қыста банкротқа көбісі ұшырайды және үлкен шығындар болады», — деп есептейді Ryanair Holdings Plc-тің бас директоры Нил Сорахэн.

2008 жылғы отын бағасының қатты көтерілуі кезінде 60-тан астам әуе тасымалдаушы банкрот болды. Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ICAO) бағалауы бойынша, әлемде қазір 5 мыңға жуық авиатасымалдаушы жұмыс істейді.

Қазір сала шығындарды арттырудың кезекті айналымына жақсы дайындалған, себебі көптеген компаниялар бизнесті жүргізудің үнемді моделіне көшкен. Алайда шағын авиакомпаниялардың өздерін банкроттықтан қорғау қабілеті аз, себебі олардың капиталы шағын және  жолаушыларға артық шығындала алмайды.

Сорахэннің  айтуынша, ірі компаниялар көбінесе шағын бәсекелестердің жоғалуынан ұтады. Және олар білікті кадрлардың тапшылығы жағдайында жаңа ұшқыштарды алуға мүмкіндік алады.