Шашты қаншалықты жиі жуу керек?

шашты
Фото: topsimages.com

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz  – Бірнеше американдық сұлулық салонының қызметкерлері шашты жуудың оңтайлы жиілігін атады, — деп хабарлайды The Sun.

Нью-Йорк салонының негізін қалаушы Джулиан Фарреллдің пікірінше, сусабынмен және кондиционермен шашыңызды аптасына 2-3 рет жуу керек, ал күнделікті жуу шашқа елеулі зиян келтіреді. «Күнделікті жуу кезінде сусабын бас терісін табиғи майлардан айырады, бұл шаштың құрғауы мен сынуына әкеледі», — деп түсіндірді маман.

Егер шаш сынғыш болса, онда тіпті сирек жуу қажет. Жұлдызды стилист Поль Кучинелло жиі сәндеуден зақымдалған шашты аптасына екі рет жуу керек деп санайды.

Американдық Bauhaus салондары желісінің стилисі Скотт Миллер де күнделікті жууға қарсы. «Егер сіз күнделікті спортзалда немесе құрылыс алаңында жүрмесеңіз, күн сайын шашыңызды жууға болмайды», — деп кеңес береді ол.