Девальвацияға бір жыл

2052
Девальвацияға бір жыл

«Ел халқы елу пайызға кедейленді!» Бұл сөз жұрттың үрейін ұшырып, қаржының қуатын сімірген 2014 жылдың 11 ақпанына қатысты. Дәл осы күні 155 теңгеге бағаланған АҚШ доллары 30 теңгеге дейін қымбаттап, 185-тің төріне қонақтады.

 

2014 жылдың ақпанындағы  девальвацияға әсер еткен факторлар:

  1. Қазақстанның сыртқа шығаратын шикізатының негізгі тұтынушылары экономикасының бәсеңдеуi (Қытай) және әлсіреуі (Еуропа мемлекеттері);
  2. Қазақстанның одақ ұйымындағы басты әріптесі Ресейдің экономикасының тежелуi;Рубльдің АҚШ долларына байланысты құнының төмендеуі;
  3. Қаржы дағдарысымен күресу мақсатында АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесінің мемлекеттік облигацияларды сатып алу саясатының бәсеңдеуі. Нәтижесінде инвесторлар дамушы мемлекеттерден капиталдарын қайта дамыған мемлекеттерге қайтарды. Капиталдың жылыстауы дамушы мемлекеттердің (Бразилия, Үндістан, Ресей, Оңтүстік Африка, Қытай), оның iшiнде Қазақстанның, валюталарының құнсыздануына алып келді.

Нәтижесінде, РБК мәліметі бойынша, «теңге» 2014 жылдың ең әлсіз валютасы ретінде танылды.

keste_2

Ал, «Мегаполис» басылымының мәліметі бойынша, девальвация себебінен республика халқының шығыны 333 триллион теңгені құраған.«Миллионер» журналының ақпаратынша, алдыңғы жылғы девальвация себебінен қазақстандық банк салымшылары 1,263 триллион теңге жоғалтты. Басылым көрсеткендей, 2013 жылы Қазақстан банктеріндегі депозит мөлшері 6,317 триллион теңгені құраған, ал 2014 жылы 11 ақпанда бұл сома 20%-ға қысқарды.

Бағалар шайқасы

Теңгенің құлдырауын әрбір қазақстандық азамат сезінді. Кез келген девальвация халықтың қалтасына тиіспей қоймайды. Бұл жағдайды әлеуметтік төлемдер, студенттік шәкіртақы, зейнетақыны т.б. аз ғана көтеру арқылы шешу мүмкін емес. Оған қоса, елде тауар бағасы қымбаттады. 2014 жылдың ақпанында азық-түлік, коммуналды тарифтер, газ т.б. бағасы 20%-ға дейін жоғарылады.

11 ақпанда Шымкентте макарон бағасы килограмына  450 теңгеге сатылды, бұған дейін оның бағасы  155 теңгені құраған. Макарон өнімдерінің бағасы Тараз және Қызылордадан басқа аймақтарда жоғарылады.
Сондай-ақ, ҚазТАГ агенттігінің сол айдағы мәліметінше, Шымкенттен басқа облыс орталықтарының бәрінде қарақұмық бағасы өскен.Ақпан айында  Атырауда қарақұмық бағасының ең жоғары көрсеткіші  1 кг-330 теңге көлемінде тіркелген.

Сонымен қатар Атырауда алма бағасы екі есеге қымбаттады: қаңтар айында 1 кг- 248 теңге, девальвациядан кейін 595 теңге.
Павлодарда жеміс-жидек жоғары бағамен сатылды: ол жерде 1 кг мандарин 580 теңге болса,Алматы қаласында 173 теңгеге сатылып жатты.

Оралда 1 кг  қызанақ 345 теңге, ал Астанада 970 теңгеге өсті. Сол сияқты қиярдың бағасы Оралда 370 теңге болса, Астана қаласында 1030 теңгеге

Алматыдағы Азаттық тілшісінің ақпаратына сенсек ақпан айында(2014 жыл) Sulpak тұрмыстық және электронды техника бағасын жоғарылатты.

«Технодом» сауда үйінде электронды техника ғана емес, күнделікті қолданылатын тауарлар бағасы да өсті.

Ал, «Комфорт»гипермаркетінде құрылыс материалдары 20 пайызға жоғарылаған.
12 ақпан күні әлеуметтік желі арқылы көптеген аймақтарда картоп бағасының қымбаттағаны туралы да ақпарат тарады.

2014 жылғы 27 ақпандағы мәліметтерге сәйкес

(өнімдердің бірнеше түрі ғана алынды)

keste_3

2014 жылғы ақша құнсыздануы өзіндік факторларымен есте қалды. Баға өсімі, митинг, валюта бағамдарына қатысты түрлі даулар орын алды.

Ұлттық банк төрағасының экс-кеңесшісі Олжас Құдайбергенов 2015 жылы теңгенің девальвациясы болмайтынын мәлімдеді. Алайда,сыртқы нарық жағдайына көз салып, көрші елдер экономикасын екшей отырып, ел арасында девальвацияның үшінші толқыны болуы мүмкін деген сыбыстар айтылып жүр.

Дайындаған: Арайлым Әкім «7»