Швейцариялықтар салықты биткоин арқылы төлейді

258
Швейцария
Фото:kapital.kz

Швейцария. 13 қыркүйек. 7kun.kz — Швейцарияның Кьяссодағы қала тұрғындары 2018 жылдан бастап 250 франктан ($263) кем емес сомада салықты биткоин арқылы төлейді. Бұл туралы қала мэрі хабарлады

Бұл шешімді билік органдары бірнеше компаниялардың кеңесінен кейін қабылдады. Блокчейн технологиясы бойынша дамыған компанияларды, Кьяссоның ғылыми және өндірістік әлеуетін арттыру үшін осы қалаға орналастырады.

Бруно Арригонидің айтуынша, Швейцариядағы жалғыз итальян тілдес кантон (әкімшілік-аумақтық бөлініс), бүкіл Еуропа кантонын қоса алғанда, блокчейн технологиясын дамытудың жетекші орталықтарының бірі болады.

2018 жылдан бастап Швейцария салық және банк ақпараттарын хабардар етуде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) жаңа стандарттарына көшкен.

Айгүл Хожантаева