ШЫҰ-на Үндістан мен Пәкістан қосылады

504

Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшелері Үндістан мен Пәкістанды ұйымға қосу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Уфадағы саммит кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Ол ШЫҰ саммиті ұйымның дамуында жаңа кезеңді ашып отырғандығын атап өтті.

«Ұйым құрылғалы бері алғаш рет жаңа мүшелер Үндістан мен Пәкістанды қабылдау процедурасын іске қосылып отыр. Біз ШЫҰ-дағы жұмыста Беларуссия Республикасының да статусын арттыру туралы да келістік. Ол мемлекеттік бақылаушы еді. Сондай-ақ, Әзірбайжан, Армения, Камбоджа және Непал ШЫҰ отбасына диалог бойынша серіктес ретінде қосылады», — деді ол саммит кезінде.

Н.Назарбаевтың сөзінше, қазіргі уақытта бірнеше елдер Шанхай ынтымақтастық ұйымына белгілі бір формада қосылуға қызығушылық танытып отыр. Бұл өтініштер қажетті талаптар бойынша мұқият қаралатын болады.

Сондай-ақ, ШЫҰ қатысушылары серіктестіктің нақты мақсаттары анықталған 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын құрастырып, бекітуге енгізді.

«Бізге шекаралық мәселелер және терроризм, нашақорлықпен күрес бағдарламасы бойынша жаңа келісімге қол қою қажет. Әлемдік қоғамдастық үшін күрделі және жауапкершілігі өте жоғары уақытта Шанхай ынтымақтастық ұйымы қиын сынақтардан өтіп жатыр. Уфа саммиті бізге төніп тұрған қауіптермен күресуде айқын белгі болады деп сенемін», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.