Шығыс Қазақстанның жол саласын дамытуға 25 млрд теңге бөлінеді

Шығыс Қазақстанның жол саласын дамытуға 25 млрд теңге бөлінеді

Шығыс Қазақстан облысының жол саласын дамытуға 2015 жылы 25 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр деп хабарлайды облыс әкімдігінің ақпарат орталығы.

Ағымдағы жылы республикалық маңызға ие жолдардың 209 км-ын, облыстық жолдардың 66 км және аудандық маңызға ие автожолдар мен көшелердің 85 км жөнделмек. «Бородулиха — Жезкент», «Күршім — Қалжыр», «Большенарым — Күршім» автокөлік жоларында, сондай-ақ Казнаковка өткелі мен Алакөл көлі бағатындағы жолдарда жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Бұған қоса, республикалық маңызға ие жолдарын күрделі жөндеу нысандарынан Семей, Риддер, Зайсан және Шемонаиха қалалары бағытындағы жолдарды орташа жөндеуге 1,5 млрд теңгені қайта тарату мәселесі шешіліп жатыр. Қайта тарату нәтижесінде күрделі жөнделуі тиіс 10 км орнына 156 км жол орташа жөндеуден өтеді деп мәлімдейді әкімдіктегілер.