Шығыс теңізінің жағалауынан 29 киттің өлігі табылды

Бірнеше мың жылдық бұрын адамзат үшін Жер толық танылмаған, зерттелмеген, тіршілік үшін ең қауіпсіз мекен еді. Бүгінде оның жұрнағы да қалмаған. Әрі қоршаған ортамыздың ластануынан әлем бойынша тек адамдар ғана емес, жануарлар да зардап шегіп жатыр. 2017 жылы Шығыс теңізінің жағалауынан табылған киттер адам баласының экологияға немқұрайлы қарайтындығын дәлелдеді.

Киттердің асқазанынан көп мөлшерде пластик, автокөліктің 70 сантиметрлік бөлшегі мен 13 сантимерлік балық аулауға арналған тор табылған.

Адамдар көл, өзендерге қоқыстарын, қажет емес заттарын тастауды әдетке айналдырды. Қоқысқа толы өзендер Әлемдік теңізге құяды. Осының салдарынан теңіз пестицидтерге, пластиктерге толы.

Әлемдегі пластиктен жиылған қоқыстың 80 пайызы осы теңізге түседі. Әдетте пластик түссіз болғандықтан, теңіздегі жануарлар оны жеуге жарамды азық деп ойлайды.

Теңізде өмір сүретін барлық жануарларға қоқыстың салдарынан түбегейлі жойылып кету қаупі төніп тұр. Тіпті судың ластануынан коралл сынды өсімдіктер зардап шегіп жатыр.

Суреттегі үлкен кашалотты Калифорнияның жағалауынан тапқан. Оның асқазанынан басқа киттермен салыстырғанда көлемі үлкен пластиктер шыққан.

Негізінен киттердің мықты ағзасы пластик сынды “азықты” тез әрі оңай қорытады. Алайда кашалот және одан ұсақ жануарлардың ішкі ағзалары пластиктің кесірінен жарылып кетіп жатыр.

Соңғы он жылдың ішінде әлемдік теңіздерде қоқыстар көбейген. Оның ішінде ең ірісі Тынық мұхитында. Қоқыстардың көлемі Техас штатының жер көлемімен бірдей.

Күннен-күнге теңіз, мұхиттарда қоқыстардың саны артып келеді. Адамзат үшін бұл— әлемдегі ең үлкен проблемалардың бірі. Дегенмен адамдардың жұмылып жасалған жұмыстарының арқасында теңіз, мұхиттардың жағдайы жақсарады деп үміттенеміз. Голландтық Боян Слаттың теңіздерді тазалауға арналған құрылғысы оң нәтиже беріп, көпшіліктің үмітін ақтады. Қазіргі күні бұл құрылғымен Жапон теңізі тазаланып жатыр.