Өскемен. 19 шілде. 7kun.kz – Өскемендік есепші 13 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ШҚО полиция департаменті хабарлады.
«2020 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде ЖШС бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, кассадан жалпы сомасы 13,5 теңге ақша қаражатын заңсыз иемденген» – делінген хабарламада.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Өскемен қалалық ПБ Ертіс ПБ-нің КПБ қызметкерлері өз кінәсін мойындаған 50 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.
Қазір аталған іс бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





