Skype мессенджері әлем бойынша істемей қалды

497

Танымал Skype интернет-мессенджері әлем бойынша офлайн болып қалды.

Қолданушылардың статустары көрінбей, мессенджердің өзі желіге қосылған күйі «қатып» қалған. Достар арасындағы смс-хаттар барады,  бірақ біршама уақыттан соң. Бұл ақаудың туындауына қолданушылардың тұрғылықты жерлері мен қызмет провайдерлерінің қатысы жоқ болуы мүмкін.

Компания бұл жағдайға байланысты ресми түрде пікірлерін білдірді. «Кейбіреулеріңізде Skype-қа қатысты мәселелер туындап, онлайнға шыға алмау қалуларыңыз ықтимал. Біз мессенджердің онлайн-статусының баптауларынан ақауды таптық. Осы мәселеге душар болғандар уақытша статустарын ауыстыра алмайды. Ал, достарына олар офлайн болып көрініп тұрады. Хабарламалар болса, бұрынғысынша жіберіледі. Статусқа қатысты ақау Skype-тың браузерлік нұсқасына қатысты емес. Біз аталған жағдайды түзетіп жатырмыз. Орын алған жайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», — дейді Skype.