Смайылов: 39 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды

96
Смайылов
Фото: BNews.kz

Алматы. 11 ақпан. 7kun.kz — 2020 жылдың қаңтар айында қаржы министрлігі бюджеттің 96 млрд теңге қаражатының жұмсалуын тексерді. Нәтижесінде 39 млрд теңгеге заң бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы қаржы минстрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, қаңтарда 159 аудиторлық іс-шаралар 96 миллиард теңге бюджет қаржысын қамтыды.

«Нәтижесінде 39 млрд теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды. 33 млрд теңге сомаға тауарларды жеткізуді қалпына келтіру, қызмет көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен бұзушылықтар жойылды. Аудит объектілеріне 181 ұсыныс жіберілді, оның 95-і орындалды», — деді министр.

Сонымен қатар, есепті кезеңде камералдық бақылаумен жалпы сомасы 1,7 трлн теңгеге 396 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды.

«Нәтижесінде 39 миллиард теңге сомасында мемлекеттік сатып алу туралы заң бұзушылықтар болған жоқ», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Ол, сондай-ақ, ведомство үшін 2020 жылдың басты міндеттерін атап өтті. Біріншіден, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Екіншіден, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының пилоттық жобасын іске асыру. Жобаға бес облыс және алты орталық мемлекеттік орган қатысады.

Үшіншіден — салық және кеден салаларындағы бизнес-процестерді цифрландыру жалғастыру. Төртіншіден, осы жылға және келесі жоспарлы кезеңге арналған нақтыланған республикалық бюджеттің жобаларын қалыптастыру толығымен электрондық форматта жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, министрлік бюджет қаражатының уақтылы орындалуына мониторинг жүргізеді.