SoftBank Alibaba-ның акциялар пакетін сатылымға шығарады

500

Токио. 1 маусым. 7kun.kz — SoftBank жапон банкі қытайдың Alibaba атты интернет-ритейлері акцияларының пакетін сатуды жоспарлап отыр. Акциялар бағасы — 7,9 млрд доллар. Бұл жөнінде The Financial Times хабарлайды.

SoftBank құнды қағаздарды сатқанымен, Alibaba акцияларының ең көп бөлігін иеленуші болып қала береді. Оның ритейлердегі үлесі 32,2 пайыздан 28 пайызға дейін азаяды.

Атауы белгісіз интернет-холдингке құны 2 млрд доллар акциялар пакеті сатылады. Ал, бағасы 400 млн доллар болатын пакет Alibaba Partnership компаниясына, 500 млн долларлық акциялары тәуелсіз қордың иелігіне өтеді.

Сатылымнан түскен қаражатты SoftBank қарыздарын өтеуге жұмсайды. Alibaba-ның банкке тиесілі барлық акциялар пакетінің құны 65 млрд долларға бағаланып отыр.

Электронды коммерция саласындағы алпауыт Alibaba компаниясы 1999 жылы құрылған. 2015 жылдың қыркүйек айында ретейлер бірінші рет биржаға (IPO)  акцияларын орналастырып, одан 25 млрд доллар пайда тапты.