Standard & Poor’s: 2022 жылдың II жартыжылдығында теңге нығаяды

бала
Фото: kerek-info.kz

S&P 2022 жылдың II жартыжылдығында теңгенің нығаятындығын болжайды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Агенттік сарапшылары құбылмалы айырбас бағамы ел экономикасының сыртқы қысымға бейімделуіне көмектесті деп есептейді.

S&P бағалауы бойынша, теңге бағамы 2022 жылдың II жартыжылдығында нығаяды. Ол ағымдағы оқиғаларға байланысты шамамен 15%-ға төмендеген болатын.

«Ресейдің Украинаға қарсы ағымдағы әскери интервенциясына байланысты теңге 15 %-ға құнсызданды. Біз теңгенің жылдың екінші жартысында нығая түсетінін, ал жалпы құнсыздану 2022 жылмен салыстырғанда шамамен 8 %-ды құрайтынын күтеміз. Бұл ретте ағымдағы операциялар шотының тапшылығы және Үкіметтің Ұлттық қордан берілетін трансферттерді қысқарту жоспары 2025 жылға дейін ұлттық валютаға әсер етеді», – деп түйіндеді S&P.

Айта кетейік, 4 наурыздағы сауда қорытындысы сәйкес, Қазақстан қор биржасында доллар 499,72 теңгеден сатылды. 2022 жылдың басынан бері теңге 15,7 %-ға әлсіреді.

Бұған дейін экономист Алмас Чукин қорқыныштан адамдар американдық валютаны сатып алатынын айтқан болатын. Қазір ұлттық валюта тұрған деңгей – бұл көп, бірақ девальвацияға ешқандай себеп жоқ.

Бұған дейін экономист Алмас Чукин халық қорқыныштан АҚШ валютасын сатып алып жатқанын айтқан болатын. Ал қазір теңгенің құнсыздануына ешқандай себеп жоқ болса да, ұлттық валютаның қазіргі бағамының өзі көп деп есептейді сарапшылар.