Өткен демалыс мыңдаған отандасымыздың үй-жайларына қауіп төнген күн болды. Су тасқынанан эвакуацияланған адамдардың саны Қазақстан бойынша 4715-ке жетті.
Бір ауданда енді ғана су тасқынына дайындалып жатса, енді бірінде шығындарын есептеп сарсаңға түсті. 7күн ұжымы алдарыңызға қазақстандықтардың тілсіз жаумен қалай күресіп жатқаны жайлы фоторепортаж ұсынады.

Қазіргі таңда Ақмола облысындағы Атбасар, Сандықтау аудандарында Жабай өзенінің жағасында орналасқан үйлердің тұрғындарын эвакуациялау жалғасып жатыр.

Ақтөбе облысында су тасқынынан балалар мінген автобус жол жиегіне шығып кеткен. Мұнда тек 17 сәуірдің өзінде 700 адам эвакуацияланған.

Су тасу қаупі бар ауылдардағы тұрғындар арнайы көліктермен эвакуацияланды.

Ал үйлері су астында қалып қойған елді-мекендегі адамдарды құтқарушылар қайықпен алып шықты.



Солтүстік Қазақстанда Мүсірепов ауданындағы төрт елді-мекендегі 235 тұрғын үй су астында қалған.

Солтүстік қазақстан облысында ауылдарды су тасқынынан қорғау үшін жолды бұзып жатыр.

Фото: желі қолданушысы Nurzhan Baimuldin (Facebook)
Ал Ақмола облысындағы мектептерде сабақтар тоқталды. Мысалы, Атбасардағы №1 мектепті су басып қалды. Мұндағы тағы 8 мектеп тәуекелге бармай 17 сәуірде дәріс өткізбейтін болды.