Subaru әлемдегі «ең беделді» автокөлік бренді атанды

Subaru
Фото: lesterglennsubaru.com

Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz — Subaru әлемдегі «ең беделді» автокөлік бренді атағын жеңіп алды. Бұл атақты брендке америкалық бағалау және ақпарат агенттігі Kelley Blue Book (KBB) берді.

Kelley Blue Book (KBB) мамандары жыл сайын бірнеше автокөлік брендтері мен басқа да санттар бойынша үздіктерді анықтау үшін зерттеу жүргізеді. Жеңімпаздарды 12 мыңнан астам жаңа машиналарды сатып алушы сауалнама арқылы анықтайды. Марапаттар Нью-Йорктегі автосалонда беріледі.

Subaru 2019 жылы ең құрметті автокөлік брендінің атағын бесінші рет иеленді. Клиенттер арасындағы марканың беделі тіпті жаңадан шыққан Ascent кроссоверлерінен де асып түсті.

Басқа жеңімпаздар арасында Honda ерекшеленді. Жапон компаниясы «Баға мен сапаның ең жақсы арақатынасы», «Ең күрделі бренд» және «Үздік бренд» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды.