Светлана Сагайдак Қазақстандағы Сбербанкті қайта басқарады

Алматы. 30 желтоқсан. 7kun.kz  Светлана Сагайдак «Сбербанк-Қазақстан» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Ресей Сбербанкі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген еді. Бұл туралы kase.kz хабарлады. 

Сагайдак осы жылдың мамырында  «Сбербанк-Қазақстан» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалған. Бірақ 1 шілдеден бастап, ол өз өтінішімен бұл қызметін тоқтатты.

Биылғы жылдың 26 шілдесінен бастап қазақстандық Сбербанкті Наталья Лазарева басқарып келген еді. Ол бұдан бұрын «Халықаралық операциялар» Сбербанк ААҚ-ның атқарушы директоры болған еді.

Сбербанктің Қазақстандағы еншілесі  қаңтар-қыркүйек аралығындағы қорытындыға сәйкес қазақстандық банктердің арасында актив көлемі бойынша 4-орында тұр.