Таңғы сессия: 1 доллар — 332,41 теңге

211
теңге
Фото: lsm.kz

Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 4 желтоқсандағы доллардың орташа бағамы 332,41 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 332,10 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 332,80, сауданың аяқталуы кезінде 332,48 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 31 млн 350 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 86.
Ақша айырбастау орындарында 4 желтоқсандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 333,50 теңгені құраған.