Таңғы сессия: 1 доллар — 340,58 теңге

163
таңғы
Фото: kapital.kz

Алматы. 29 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 29 маусымдағы доллардың орташа бағамы 340,58 теңге болды. 28 маусымның таңғы сессиясымен салыстырғанда ұлттық валюта 0,75 теңгеге қымбаттады. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 339,90 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 340,80, сауданың аяқталуы кезінде 340,80 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 39 млн 850 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 73.

Ақша айырбастау орындарында 29 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.00) Алматыда 342,1 теңгені құраған.