Таңғы сессияда доллар 343 теңге болды

таңғы сессия
Фото: kyn.kz

Алматы. 4 шілде. 7kun.kz – 2018 жылдың 4 шілдесіндегі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында курста орташа өлшемді бағамы 342,97 теңгені құрады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 342,75 теңге, ең жоғары – 343,07 теңге деңгейінде болды, жабылу курсы бір долларға 343,02 теңге көлемінде сақталды. Доллар бойынша сауда көлемі 20 млн 400 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 36.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 344,5 теңге, Алматыда – 344,5 теңге деңгейінде сақталды.

АҚШ долларына шаққандағы теңгенің ресми бағамы Қазақстандық қор биржасының екі сессияның қорытындысы бойынша бекітіледі.