Таңғы сессияда доллардың ресми бағамы 331,87 теңге болды

117
Қазақстанды
Фото: kapital.kz

Алматы. 7 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 7 маусымдағы доллардың орташа бағамы 331,87 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 331,50 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 332 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 331,95 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 19 млн 900 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 48.

Ақша айырбастау орындарында 7 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 333 теңгені құраған.