Таңғы сессия: 1 доллар үшін – 384,7 теңге

доллар

Алматы. 26 шілде. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 384,74 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (384,80 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 0,06 теңгеге нығайды.

Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 385 теңге, Алматыда – 386,6 теңге.

Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы 1 доллар үшін 384,8 теңгені құрайды.