Таңғы сессия: 1 доллар үшін – 387,6 теңге

377
Фото: smart-lab.ru

Алматы. 5 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 387,62 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (388,12 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 0,5 теңгеге нығайды. 

Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 389 теңге, Алматыда – 389,7 теңге болды.

Ұлттық банктің 5 қыркүйектегі ресми бағамы 1 доллар үшін 388,18 теңгені құрайды.