Таңғы сессияда доллар нығайды

доллар
Фото: tribun.com.ua

Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 378,96 теңгені құрады. 30 қаңтардағы деректермен салыстырғанда (379,42 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 0,54 теңгеге әлсіреді.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 380 теңге, Алматыда — 381 теңге.

Ұлттық Банктің 31 қаңтардағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 378,8 теңгені құрайды.