Теңге курсы рекорд орнатты

теңге
Фото: kursiv.kz

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 22 ақпандағы доллардың орташа бағамы 314,82 теңгені құрады. Доллар бір күнде 2,87 теңгеге әлсіреді. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 314,29 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 316 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 314,29 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 189 млн 250 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 329.

В обменных пунктах Астаны максимальный курс продажи доллара 22 февраля на 11:00 составляет 316 тенге, Алматы — 316,5 тенге.

Ақша айырбастау орындарында 22 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11:00) Алматыда 316,5 теңгені құраған.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.