«Темекі секілді өнім» – Қуантыров вейптерге тыйым салуға қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан. 9 маусым. 7kun.kz – Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда вейптерді сатуға және шегуге тыйым салуға байланысты пікірін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, барлығы халық денсаулығы үшін жасалуда.

«Халықтың денсаулығы үшін осындай күшті лобби жасалуда. Дұрыс шығар. Стиктар темекіге ұқсайды. Сондықтан мұндай шешім халықтың денсаулығы үшін қабылданды», – деді министр.

Ал вейптерге толық тыйым салу жоспарлануда.

«Вейптер – бір рет қолданылатын басқалардан арзанырақ өнім. Біреуін екі-үш мың рет тартса болады, баларлар сатып алып жатқандарының құны екі-үш мың теңгенің шамасында. Оларды темекіні жылытуға арналған өнімдермен шатастырмау керек. Вейптерге толығымен тыйым салу жоспарлануда», – деді Қуантыров.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, республиканың әрбір бесінші тұрғыны темекі тартады. Оның 77%-ы ерлер, 23%-ы әйелдер.

Айта кетейік, Қазақстанда вейптерді сатуға және шегуге тыйым салыну жоспарлануда.