Теңге біршама нығайды

11
нығайды
Фото: kerek-info.kz

Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11: 00-де 388,25 теңгені құрады. 7 қарашадағы деректермен салыстырғанда (389,50 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 1,25 теңгеге нығайды.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 390 теңге, Алматыда — 390,5 теңге.

Ұлттық Банктің 8 қарашадағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 389,04 теңгені құрайды.