Теңге биржада нығая түсті

теңгені
Фото: it.depositphotos.com

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,41 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (380,06 теңге/$1) ұлттық валюта 0,59 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379,15 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 379,70 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,25 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 41 млн 620 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 80.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380 теңге, Алматыда – 381 теңге.

Ұлттық Банктің 17 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 379,96 теңгені құрайды.