Теңге тағы да құнсызданды

79
теңгені
Фото: ostov.info

Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы  380,97 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (378,20 теңге / $1) ұлттық валюта 2,77 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 380,66 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 381,30 теңге, жабылу курсы бір долларға 380,90 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 19 млн 950 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 63.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 381,7 теңге, Алматыда – 382,2 теңге.

Ұлттық Банктің 29 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 378,6 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.