Tengri bank пен Capital bank қараша айында бірігеді

Tengri bank пен Capital bank
Фото: kursiv.kz

Алматы. 12 тамыз. 7kun.kz — 2017 жылдың қарашасында Tengri Bank пен Capital bank бірігуге дайын болады. Бұл туралы Тенгри банктің басқарма төрағасының орынбасары Мұхтар Бекқали мәлімдеді.

Аталған мерзімге дейін қос банктің активтердің сапасы тексеріліп, корпоративтік басқару, ортақ стратегия құру секілді мәселелер жолға қойылады. Егер ұлттық банк рұқсат берсе, 1 желтоқсаннан бастап бір қаржы құрылымы ретінде жұмыс істей бастайды. Жаңа қаржы институты Тенгри банк деп аталмақ, ал оның жалпы қаражат қоры 208 млрд теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр.

Еске салсақ, Капитал пен Тенгри банктері ақпан айында бірігетінін мәлімдеген болатын.