Tengri Travelsystem туроператорының директоры Роман Хванға іздеу салынды деп хабарлайды инвестиция және даму министрлігіндегі туризм департаментінің директоры Тимур Дүйсенғалиев.
«Іздеу жарияланды, тергеу әрекеттері жүргізілуде», -деді ол. Сондай-ақ, оның хабарлауынша, Air Astana әуекомпаниясы жұма күні Түркияда туроператорлардың кінәсінен қайта алмай қалған туристердің соңғы тобын алып қайтады. Осыған дейін туристік агенттіктің басшысы Р.Хванға қатысты полиция Қазақстанның ҚК-ның 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқандығын мәлімденген еді. Оның Еуропаға кетуі мүмкін деген болжам бар.
Еске салайық, 3 маусымда Tengri Travelsystem туроператоры өзінің әрекетін тоқтататындығы жариялады. Мекеменің әрекетінен келген шығын 7-8 млн доллар деп бағаланып отыр.