Бизнес

Tesla жаңа электр жүк көлігін 16 қарашада көрсетеді

Алматы. 10 қараша. 7kun.kz — Интернетте Tesla компаниясының жаңа өнімі, электр жүк көлігінің тизері пайда болды. 

Жаңа электр жүк көлігінің ресми таныстырылымы 16 қараша күні АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан Хортон қаласында өтеді. Ал ресми таныстырылым бірінші 26 қазанға жоспарланғанымен, сосын оның уақытын өзгертті. Мамандардың айтуынша, жаңа автокөлікте бұған дейін шыққан Model 3 көлігіндегі бірнеше электромоторлармен жабдықталған. Электр жүк көлігі бір реттік қуат көзімен 320-480 шақырым жерді жүріп өте алады.

Сондай-ақ, компания жуық арада Model Y кроссоверін, пикап пен родстерді де шығармақ. Компания Model 3-ді жеткілікті көлемде шығара алмай жатыр.

Tesla — электр көліктерін шығаратын әлемдегі тұңғыш компания. Илон Маск компанияның негізін салған.

Бұған дейін Tesla-ға бәсекелес компаниялар өздеріне инвестор іздеген еді.

Tags

Осы айдарда

Close