Tesla жаңа таныстырылған пикапқа 150 мыңға жуық тапсырыс алды

127
Tesla
Фото: rt.com

Алматы. 25 қараша. 7kun.kz — Tesla-ның бас директоры Илон Маск компанияның өткен бейсенбіде таныстырылған жаңа Cybertruck электрлік пикабына 146 мың тапсырыс алғанын мәлімдеді.

Cybertruck электропикабының тұсаукесері 21 қарашада Лос-Анджелесте өтті. Көрерменге құны 39,9 мың доллардан басталатын трапеция түріндегі брондалған автокөлік көрсетілді.

Металл корпустың беріктігін көрсету үшін Илон Маск жаңа пикапты кувалдамен ұрды. Содан кейін ол Tesla компаниясының бас конструкторынан брондалған пикап терезелерінің біріне металл шар лақтыруды сұрады, нәтижесінде әйнектер жарылды, бірақ сынған жоқ.

«Біз гайка кілттерін лақтырдық, бәрін көрдік, тіпті әйнекке ас үй раковинасын лақтырдық, бірақ ол сынбады. Қандай да бір себеппен ол қазір жарылды», — деді Маск таныстырылымда.«Неге екенін білмеймін. Біз мұны түзетеміз», — деп уәде берді ол.

Электробиль бір зарядтағы жүріс қашықтығына байланысты үш нұсқада шығарылады — 250 миль (400 км), 300 миль (480 км) және 500 миль (800 км). Модельге байланысты автомобиль әртүрлі қозғалтқыштар санын алады — бірден үшке дейін. Өндіріс 2021 жылдың соңында басталуы мүмкін.