Төл мерекесінде теңгенің құны қымбаттады

54
Фото: 2018god.com

Алматы. 15 қараша. 7kun.kz — Бүгін   доллардың орташа бағамы Қазақстан қор биржасының (KASE) таңертеңгі  сессиясында  370,05 теңгені құрады. 14 қарашадағы таңертеңгі сессиямен салыстырғанда (375,83 теңге/$1) ұлттық валюта 5,78 теңгеге қымбаттады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 368,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 373 теңге , жабылу курсы бір долларға — 369 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 72 млн 650 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 139.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 375 теңге, Алматыда – 374 теңге.

Ұлттық Банктің 15 қарашадағы ресми бағамы 1 доллар үшін 375,9 теңгені құрайды.