Тоқаев Путинге Kaspi.kz туралы айтты

812

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге қалайша Kaspi.kz-тің Лондон қор биржасындағы ең қазақстандық компаниялар арасында ең қымбат компания болғаны туралы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, Тоқаев жасанды интеллект бойынша Artificial Intelligence Journey (AI Journey 2020) конференциясының «Жасанды интеллект — XXI ғасырдағы басты технология» тақырыбындағы пікірталасына қатысқан еді. 

Бірнеше апта бұрын «Сбербанк» жетістіктерімен танысқанын айтқан мемлекет басшысы Kaspi.kz туралы кеңірек тоқталды.

«Бізде өзіміздің пионеріміз бар — қазақстандық технологиялық Kaspi.kz компаниясы соңғы бірнеше жылда бизнесін дәстүрлі банктен IT компанияға немесе FinTech-компанияға трансформациялады. Бір айдан астам уақыт бұрын Kaspi Лондон қор биржасында табысты IPO өткізді. Бұл компанияның нарықтық капитализациясы 6.5 миллиард долларды құрадыОсылайша, Kaspi Bank еліміздегі дәстүрлі шикізат бағытындағы компаниялар аясында орналастырудың барлық кезеңіндегі ең қымбат қазақстандық компаниялардың біріне айналды. Бұл біздің елге тән шикізат бағытының аясында болған нәрсе», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.