КЕМБРИДЖ – АҚШ президенті Дональд Трамп соғыстан кейінгі әлемдік экономикалық тәртіпті тұрақсыздандыруды жалғастырып, әлемнің көп бөлігі еркін әрі терең дем алмай тұр.
Комментаторлар оның қазіргі заманғы либералды демократияда көшбасшылық пен толеранттықтың дәстүрлі нормаларына жасалған шабуылын сипаттау үшін лайықты сөздерді іздеуде. Жетекші БАҚ жеткілікті ақпаратсыз өз айтып тұрғанына кәміл сенген президентке тап болып, оның шын мәнінде жалған мәлімдемелерін өтірік сөз деп айта алмай тұр.
Бірақ кейбіреулер хаос және бос сөздің астында жаһанданудан Трамп әкімшілігінің бас тартуының экономикалық негіздемесі бар деп айтар. Бұл пікір бойынша, АҚШ Қытайға үстемдік бере отырып үлкен қателік жасады және күндердің күнінде американдықтар қатты өкінетін болады. Біз, экономистер, АҚШ-тың әлемдік көшбасшылықтан бас тартуын тарихи қате деп санаймыз.
Америка Құрама Штаттарында жаһандануға қарсы қозғалыстың тамыры наразы жұмысшылар мәселесінен әлдеқайда тереңірек екенін мойындау керек. Мысалы, кейбір экономистер американдық жұмысшыларға зиян келтіреді деген күмәнді негіздер бойынша Транс-Тынық мұхиты әріптестігіне (әлемдік экономиканың 40%-ын қамти алатын 12 елдің сауда мәмілесі) қарсы шыққан. Ал шынында, ЖЭС АҚШ-қа зиян келтірмей тұра, Жапонияның нарықтарын қаттырақ ашар еді. Одан бас тарту Тынық мұхит кеңістігінде Қытайға экономикалық үстемдік үшін есікті ашады.
АҚШ популистері, бәлкім, Том Пикетти еңбектерінен шабыт алып, жаһандану Қытай мен Үндістанда жүздеген миллион кедей адамдарды әлемдік орташа тап деңгейіне көтерді деген фактіге көңіл бөлмейді. Либералды көзқарас бойынша, Азиядағы даму әлемді әділдірек орын қылып, адамның экономикалық тағдырын ол дүниеге келген жерге тәуелді қылмайды.
Бірақ циникалық пікір популистік логиканы жайлап, ол бойынша, жаһандануға шамадан тыс қосылу арқылы АҚШ өз саяси және экономикалық бұзылуының тұқымын еккен. Трампизм ұлттық өлім-жітімді бұл мағынада қарастырады; мұнда бұл жағдай бойынша бірдеңе істей аламын деп санайтын біреу бар. Мақсат тек қана американдық жұмыс орындарын «елге қайтару» емес, ал АҚШ-тың үстемдігін ұзартатын жүйені құру болып табылады.
«Біз өзіміз туралы ойлауымыз керек» деген сөздер Трамп және басқалардың мантрасы болып тұр. Өкінішке орай, бұл көзқараспен, Америка көптеген онжылдықтар бойы сонша пайда көрген әлемдік тәртіпті қалай сақтауға болатынын анықтау қиын. Американың мықты жеңімпаз болған ұмытпай, қателік жасамау керек. Басқа ешқандай ірі ел ол сияқты бай емес, және АҚШ-тың орта табының өмір сүру деңгейі әлемдік стандарттар бойынша өте жақсы.
Иә, демократиялық партиядан президенттікке үміткер Берни Сандерстің Дания өмір сүру үшін тамаша орын және көптеген істерді дұрыс жасайды деген сөздері хақ. Бірақ, ол Данияның иммигранттарға толеранттығы төмен, 5,6 миллион адам тұратын салыстырмалы түрде біртекті ел екенін де атап өтуі керек еді.
Жақсылыққа немесе жамандыққа болар, жаһандану пойызының станциядан кетіп қалғанына көп уақыт болды, және оны кері қайтара аламыз деген идея мүлдем ақылға сыймайды. АҚШ президенті Ричард Никсонның 1972 жылы Қытай Халық Республикасында болғанынан бұрын басқаша болған қандай да бір жағдай енді мүмкін емес. Қытайдың тағдыры, және оның әлемдегі рөлі қытайлықтар мен олардың көшбасшыларының қолында тұр. Егер Трамп әкімшілігі Қытаймен сауда соғысын бастап, жағдайды қалпына келтіруге болады деп санаса, ол Қытайдың экономикалық және әскери дамуын бәсеңдете немесе жеделдете алатыны ықтимал.
Әзірге, Трамп әкімшілігі Мексикаға өзінің саудаға қарсы риторикасын көздеп, Қытаймен тек ерегесіп отыр. Трамп тіл тигізген Солтүстік Америкалық еркін сауда туралы келісімі АҚШ сауда және жұмыс орындарына болар-болмас ғана әсер еткеніне қарамастан, Трамп Мексиканы АҚШ колониясындай қарап, олардың шекарадағы дауалы үшін ақша төлеуін талап етіп, мексикандықтарды қорлап жатыр.
АҚШ өз латынамерикалық көршілерін тұрақсыздандыруға тырысып, ақылсыз қадам жасауда. Жақын арада, Мексика мекемелері өте тұрақты болады; бірақ ұзақ мерзімде, Трампизм анти-америкалық көзқарасты жігерлендіру арқылы, АҚШ мүдделерін қолдаған көшбасшыларға нұқсан келтіретін болады.
Трамп әкімшілігі Қытайға қарсы осындай дөрекі тактика қолданса, ол сондай дөрекі тосын сыйларға да тап болады. Қытайда АҚШ қарызының триллиондаған долларымен қоса қаржы қарулары бар. Мысалы, Қытаймен сауда іркілістері көптеген американдықтар арқа сүйеген Wal-Mart және Target сияқты төмен бағалар дүкендерінде жаппай бағалардың өсуіне әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, Тайваньнан Үндістанға дейінгі Азияның зор алқабы, қытай агрессиясына қарсы тұра алмайды. Қазіргі кезде, Қытайдың әскери күші салыстырмалы түрде әлсіз болып тұр, және АҚШ-тан дәстүрлі соғыста жеңілуі мүмкін; бірақ бұл жағдай тез өзгеруде, және жақын арада Қытай өз авианосецтері мен басқа да неғұрлым озық әскери күщтерге ие болуы мүмкін.
АҚШ Қытаймен сауда соғысын «жеңе алмайды» және ол тым қымбатқа түскен жеңіс болады. АҚШ Азиядағы өзінің достарын қорғап және аластатылған Солтүстік Корея мәселесін шешу үшін Қытаймен қиын келіссөздер жүргізуі қажет. Ал Трамп үшін өзі қалаған жақсы мәміле жасауына ең жақсы жолы деструктивті сауда соғысы емес, Қытаймен неғұрлым ашық сауда саясатын жүргізу болып табылады.
Автор туралы: Кеннет Рогофф, ХВҚ-ның бұрынғы бас экономисі, Гарвард университетінің экономика және қоғамдық саясат профессоры болып табылады.
Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024