Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өтемақы төлеу келісіміне қол қою мерзімін ұзартты

476
Фото: aktobetimes.kz

Алматы. 1 маусым. 7kun.kz — Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өтемақы төлеуге қосымша келісімге қол қою мерзімін бір айға ұзартты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

2016 жылдың 31 мамырының операциялық күні аяқталғандағы жағдай бойынша, өтемақы төленуі тиіс 452 069 салымның 160 765 салымы бойынша қосымша келісімге қол қойылмаған.

Осыған орай, Директорлар кеңесінің шешімімен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін қосымша келісімге қол қою мерзімінің ұзартылғанын жариялайды (Қосымша келісімге қол қоюдың соңғы күні – 30-шы маусым 2016 жыл).

«Көбінде сомасы 1 млн. теңгеден аспайтын депозиттер бойынша келісімдерге қол қойылмаған. Банкте мұндай 150 248 салым бар. Жинақ сомасы 1 млн. теңгеден асатын 10 518 депозиттің иесі Банкке хабарласпаған», – делінген банктің баспасөз хабарламасында.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің хабарлауынша, өтемақы бюджет қаражаты мен банктің табысы есебінен екі транш арқылы төленеді. Өтемақы көлемі 35,5% болады. 2016 жылы – 19,2%, 2017 жылы 16,3% өтемақы төленеді.