Туристер таксиде 30 мың еуросын ұмытып кеткен

туристі
Фото: finrussia.ru

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – Стамбұлда Тунистің екі туристі таксиге 30 мың еуро салынған сөмкені ұмытып кеткен, — деп жазады CNN Turk арнасының сайты.

«Стамбұл әуежайынан Кумкапы ауданындағы қонақ үйге дейін такси алған екі Тунис туристі ішінде 30 мың еуро бар сөмкені көлікте ұмытып кетеді. Жүргізуші оны көлікке келесі жолаушы отырған кезде байқайды. Сөмкені сол күні иелеріне қайтарды», — деп хабарлайды телеарна.

Тунистер таксис жүргізушісіне адалдығы үшін алғыс білдіріп, сыйақы ретінде 100 еуро табыс етті.