Түркия ТМД елдерімен виза режимін енгізбек

Түркия СІМ өкілінің айтуынша, биылғы күзде Түркия Еуропалық одақпен визасыз тәртіпке көшеді. «Еуроодақтың талабы бұл ұйыммен осындай келісімі жоқ елдермен арадағы визасыз тәртіпті алып тастау болатын. Мәселен Еуропа одағымен осындай келісімге ие Грузия, Молдова және Украинаға қатысты Түркия  аталған шешімді қабылдамауы да мүмкін», – деді Түркия СІМ өкілі.

Бұған дейін, Түркия шетелдік туристерді көбірек тарту мақсатында әлемнің көптеген елімен визасыз тәртіп орнатқан еді.

Фото: veters.kz