Ұлттық банк ай сайын интервенция көлемі туралы ақпаратты жариялайтын болады

Ұлттық банк
Фото: khabar.kz

2016 жылдың 1 сәуірінен бастап ҚР Ұлттық банкі ай сайын валюта нарығындағы интервенция көлемі туралы ақпаратты жариялап отырады. Бұл туралы «Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарас» ұлттық форумы кезінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

«Ұлттық банк жүргізіліп жатқан операциялар мен ақша-несие саясатының ашықтығын арттыруға бағытталған бірқатар шараны жүзеге асыруды жоспарлауда. 1 сәуірден бастап Ұлттық банк ай сайын валюта нарығындағы интервенция көлемін жариялап тұрады, ақпарат банктің сайтында жарық көреді», — деді ол.

Реттеушінің сөзінше, 1 сәуірден бастап, интервенциямен қоса  Ұлттық банктың ресми сайтында  күн сайын ақша нарығында жүргізілген операциялар туралы ақпарат жариялап тұрады.