Urbasolar SAS  Түркістан облысында күн электр станциясын іске қосады

Фото: Энергореформа

Алматы. 7 қараша. 7kun.kz — Электр станциясының жобалық қуаты 14 МВт-ты құрайды. Жобаның жалпы құны 7 млрд теңге болады, деп хабарлады «Түркістан-Инвест» компаниясы.

«Арыс қаласында күн электр станциясы салынады. Құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісіп кетті. Іске қосылғаннан кейін мұнда 50 адам жұмыспен қамтылады», — деп нақтылады компания.

Жоспар бойынша, «За дарья-1» электр станциясын 2019 жылдың IV тоқсанында пайдалануға беріледі. Оның құрылысы 30 гектар жер учаскесінде жүргізіліп жатыр.