Viber мессенджері серверін Ресей аумағына көшірді

Viber мессенджері азаматтардың арнайы мәліметтері бар серверін жаңа заңға сәйкес Ресейге көшірді. Бұл туралы Viber Media компаниясының Мәскеудегі өкілі Елена Грачева «Известия» сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтынша мессенжер сервері Ресейліктердегі «Арнайы мәліметтерін сақтау» туралы заңына сәйкес орнатылған.

«Ресейдегі серверде қолданушылардың телефон нөмірлері мен логин, парольдері сақталады. Ал хабарламалар сақталмайды. Ол қолданушының өз құрылғысында болады», — деді Елена Грачева.