«ВКонтакте» қосымшасы Google Play тізіміне қайта оралды

Ресейлік «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің қосымшасы Google Play онлайн-дүкенінің мобильді қосымшалар тізіміне қайта оралды. Бұл туралы «ВКонтактенің» баспасөз хатшысы Георгий Лобушкин хабарлады.

«Android-қа арналған ВКонтакте қосымшасы Google Play-ден жоғалып кеткеннен соң қайта оралды», — деп жазды Г.Лобушкин Твиттердегі микроблогында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше «ВКонтакте» қосымшасы Google Play дүкенінен алынып тасталған болатын. Бұның себебі ретінде музыкалық контенттің заңсыз пайдаланылуы аталынып өтті.